19.01.2024, 9:00
Оқылды: 70

Жас мұғалім физика пәнін комикстер арқылы түсіндіреді

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20240119-WA0010

​Абай облысындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің физика пәні мұғалімі Жасқайрат Нәубетов физика пәнін комикс арқылы үйретуді қолға алған. Жас мұғалім 7 және 9 – сынып оқушыларына «Тығыздық», «Ньютон заңдары», «Энергия сақталу заңы», «Архимед заңы» тақырыптарында комикстер жасап, түсінуге күрделі тақырыптарды жеңілдетіп өткізіп жүр.

«Комикс арқылы оқыта бастағанда оқушылардың физика пәніне қызығушылықтары артып, сабақты ынтамен оқитын болды. Қазір жас ұрпақ көп уақыттарын смартфонда өткізеді. Телефонда уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуде бұл әдіс ұтымды болды. Әсіресе, баланың ойлауын, шығармашылық дағдысын, сурет салу қабілетін дамытады. Қазір оқушылар өздері комикс жасауды үйреніп, жаңа тақырыпты түсінуде пайдаланады»,- деп бөлісті мұғалім.

Жас маман болашақта оқушылар арасында комикстер бойынша жарыс ұйымдастырмақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале