6.05.2025, 14:45
Оқылды: 250

Жас сарбаздар шыңдалды

Оралдағы «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде облыстық «Айбын - 2025» әскери-патриоттық жастар жиыны жүзеге асқан болатын. Өткен аптаның жұмасында жас сарбаздар жарысы тәмамдалды.

2c758833-9eb2-488e-969a-fb527fa11e1d

Аталмыш  іс-шараға  «Жас  сарбаз»  жасөспірімдер  әскери-патриоттық  қозғалысы  республикалық  қоғамдық  бірлестігінің  облыстық  филиалының  төрағасы  Манарбек  Кадисов,  облыстық  балалар  мен  жасөспірімдер  туризмі  және  экология  орталығының  директоры Ғалым  Бекқалиев, облыстық қорғаныс  істері  жөніндегі  департаменті  басшысының  орынбасары  Жанболат  Сәрсенғалиев  қатысты.  Сондай-ақ  өңірдегі  күштік  құрылымдардың  басшылары  мен  жас  сарбаздардың  жетекшілері  де  салтанатты  жиында  болды.

a08d82b8-b909-4add-b91b-489f41f3d064

–  Бүгінгі  жастар  –  еліміздің  ертеңгі  болашағы!  Өскелең  ұрпақты  саналы  да  білімді  етіп  тәрбиелеп,  олардың  бойындағы  патриоттық  сезімдерді  нығайту  –  біздің  басты  міндетіміз.  Отан  қорғаушылар  күні  мен  Ұлы  Жеңістің  80  жылдығы  таяп  келеді.  Осы мереке мен  атаулы  датаның  қарсаңындағы  бұл  жарыс  жастарға  рухани  тәрбие  береді  деп  ойлаймын.  Әсіресе,  қыз  балалардың  АК-  74  аутоматын  жартылай  шашып,  жинаудағы  шеберлігі  бізді  тәнті  етті.  Батыр  бабаларымыз  бен  қаһарман  арулардың  ізін  жалғап  келе  жатқан  жас  сарбаздарға  алғыс  айта  отырып,  өмір  жолына  сәттілік  тілеймін!  –  деді  Жанболат  Сәрсенғалиев.

Болашақ  жас  сарбаздар «Айбын  дарыны»,  «Айбын  жұлдызы»,  «Smart  Sarbaz»  атты  үш  түрлі  байқау  бойынша  бақ  сынады. Орал қаласындағы  және  облыстық  колледждер  мен  мектептерден,  11  ауданның  құрама  командалары  бас-аяғы 10 сайыс  түріне  қатысқан.  Қорытынды  есеп  бойынша  Орал  қаласының  командасы  бас  жүлдеге  ие  болды. Ал Бөрлі  ауданының  командасы  екінші  орынға  тұрақтаса,  үшінші  орынды Бәйтерек ауданының командасы місе тұтты.

DSC09060

Облыстық  балалар  мен  жасөспірімдер туризмі  және  экология  орталығының  директоры  Ғалым  Бекқалиев  сайыстың  өтуіне  атсалысқан азаматтарды марапаттап, құттықтау тілегін  білдірді.

DSC09053

–  Үш  күнге  созылған «Айбын  –  2025» байқауы  мәресіне  жетті.  Белсенді  қатысқан  жастарға  және  оның  жетекшілеріне  алғыс  айтамын.  Ерлік  адамға  туа  бітетін  қасиет  емес.  Бұл  –  аға    буынның  жас  ұрпаққа  берген  әскери  тәрбиесінің  жемісі.  Жарыс  барысында  өз  командасының  жеңісі  үшін  аянып  қалмаған  қатысушыларды  көрдік.  Болашақта  еліміздің  дамуына  да  үлес  қосады  деген  сенімдеміз,  –  деді Ғалым Ибатоллаұлы.

Жарыс жеңімпаздарына  медальдар мен  кубоктар,  алғысхаттар  табыс  етілді.

Нұр-Бақыт Тұрсынбаев,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале