20.07.2021, 11:09
Оқылды: 135

«Жас саясаткерлер» мектебі көшбасшылар дайындайды

Оралда «Жас саясаткерлер» мектебі бар. «Жас  Отан»  жастар қанаты  БҚО  филиалының жанынан құрылған. Бұл жерде  белсенді жастар бас қосады. Бұл  мектептің мақсаты  – жастардың саяси  белсенділігін  арттыру,  сондай-ақ  патриоттық  құндылықтарына негізделген  көзқарасын, қоғамға, жалпы мемлекетке деген жағымды  көзқарастарын қалыптастыру.  Сонымен бірге жастарға әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру.

9F746ED7-5F87-42C3-933F-CF95067E0D5F

Жастар аталған мектепке сұхбаттасу арқылы қабылданады. Яғни үміткерлерге психологиялық және саяси сұрақтар қойылады. Мектепте саяси сауаттылықтан аптасына бір рет арнайы сабақ жүргізіледі. Әр сабақты жаңа спикер өткізеді. Сабақ барысы үнемі еркін әрі жаңа форматта өткізіледі. Қалған уақытта іс-шараларға, семинарларға, тренингтерге қатысады. Бір жыл бойыосы мектептен тәлім алғандардың бойында кез келген ортада еркін сөйлеу, жауапкершілікті мойнына ала білу, ерікжігер сынды дағдылар қалыптастырады. Осылайша саяси сауатты болып шыққан жас маман кез келген мекеме-кәсіпорында қиналмай жұмыс істей алады. Мектеп бітірген кезде қатысушыларға сертификаттар беріледі. Бұл құжат қызметке орналасу барысында өз септігін тигізеді, –  дейді «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы төрағасы орынбасары Ерлік Шамғалиев.

Облысымыздағы «Жас саясаткерлер» мектебіндегі жастарға үнемі ақпараттық және волонтерлік қолдау тегін көрсетілетінін айта кетейік. Яғни жастарға қажет жұмыс жарияланымы (вакансия) бойынша ақпараттар, республика және облыс көлеміндегі ақылы тренингтерге, шеберлік сыныптарға жолдама ұсынады.

Биыл «Жас саясаткерлер» мектебінің 13-ші легі шығарылды. Мұнда оқығандардың жерде қалмайтындығының дәлелі сол, түлектердің ішінде өңірімізге танымал азаматтар бар. Мәселен, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары  Дархан Кадыралиев, жастар саясаты мәселелер басқармасы бас маманы Нұрхат Ораш, осы басқармада қызмет атқаратын Жандос Сұңғатов, облыстық, қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың басшылары осында тәлім  алды.

Аружан Махамбетова,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале