2.03.2026, 11:30
Оқылды: 17

Жас шаңғышыларыдың жарқын жеңістері

Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған кіл мықтылар бақ сынаған байрақты бәсекеде облыс  намысын қорғаған Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

WhatsApp Image 2026-03-02 at 10.50.52 (3)

Жарыстың алғашқы күндерінде өткен спринт қашықтығында жас спортшылар табандылық пен шеберліктің үлгісін көрсетті. 2008–2009 жылдары туған қыздар арасында Жанерке Тудахунова мәре сызығын бірінші болып кессе, 2010–2011 жылдары туған қыздар арасында жарысқан Анастасия Соколова да қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды. Осы жас санатында Лейла Мұқатова тоғызыншы орынды қанағат тұтты.

WhatsApp Image 2026-03-02 at 10.50.52 (4)
2012 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында Әлішер Мәліков қола жүлдеге қол жеткізсе, Андрей Пирог жетінші орын иеленді. Қыздар арасында Амира Жақсылықова жетінші, ал Саида Тудахунова он алтыншы нәтиже көрсетті.

WhatsApp Image 2026-03-02 at 10.50.52
Еркін әдіспен жүгіруден өткен масстарт жарысында да өңір шаңғышылары табысты өнер көрсетті. Бұл сында чемпионат фавориті саналған Жанерке Тудахунова тағы да чемпион атанса,апасының ерлігін қайталаған Анастасия Соколова да алтын медальға ие болды. Осы жас санатындағы ұлдар арасында (10 шақырым)Арын Тәжібаев он төртінші орын алды.

WhatsApp Image 2026-03-02 at 10.50.52 (2)

2012 жылы туған және одан кіші қыздар (3 шақырым) арасында Амира Жақсылықова бесінші, Саида Тудахунова он екінші орынды иеленді. Ұлдар арасында Әлішер Мәліков күміс жүлдегер атанса, Андрей Пирог тоғызыншы болып жарысты аяқтады.
Классикалық әдіспен өткен жеке жарыста да жас шаңғышылар жүлдесіз қалған жоқ. 2008–2009 жылдары туған қыздар (5 шақырым) арасында Жанерке Тудахунова күміс медаль еншіледі. 2010–2011 жылдары туған спортшылар арасында Анастасия Соколова алтын жүлдені жеңіп алса, Лейла Мұқатова жетінші орынды иеленді. 2012 жылы туған және одан кіші қыздар (3 шақырым) арасында Амира Жаксылыкова тоғызыншы нәтиже көрсетті. Ал ұлдар арасында Әлішер Мәліков қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Андрей Пирог жетінші орыннан көрінді.

WhatsApp Image 2026-03-02 at 10.50.52 (1)
Жас спортшыларды жарысқа баптап, жоғары нәтижеге жетелеп жүрген жаттықтырушы Ислам Сағыналиевтің еңбегі зор. Оның жүйелі дайындығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында шәкірттері облыс намысын абыроймен қорғап, ел мерейін үстем етті.
Бұл жетістіктер тынымсыз еңбек пен табанды дайындықтың жемісі

 

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале