Өңірлік IT-хабтардың басты міндеті – жас кәсіпкерлердің стартап-жобаларын ұйымдастыруға көмектесу. Бұл әсіресе, бастапқы кезеңде маңызды.
Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 12 өңірлік IT-хаб ресми түрде ашылды және табысты жұмыс істеуде. Олар: Abai IT Valley (Абай облысы, Семей қ.), Kyzylorda Hub (Қызылорда қ.), Digital Jetisu (Талдықорған қ.), Zhambyl Hub (Тараз қ.), Oskemen IT Hub (Өскемен қ.), Jaiq Hub (Орал қ.), Turkistan IT Hub (Түркістан қ.), Qostanai IT Hub (Қостанай қ.), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ.), Pavlodar Hub (Павлодар қ.), Aqmola IT Hub (Көкшетау қ.), Terricon Valley (Қарағанды қ.).
Қазақстанның өңірлерінде 784 іс-шара өткізілген.
Оған 24 702 тыңдаушы белсенді түрде қатысты.
Сондай-ақ өңірлерден 194 перспективалы стартап-идеялар ұсынылған.
Бұған қоса, өңірлердегі ақпараттық және коммуникациялық технологияларға бағытталған 7 форум ұйымдастырылды. Ақпараттық технологиялар секторын дамытудағы маңызды қадам TechOrda бағдарламасына сәтті интеграцияланған 8 жаңа IT-мектептің ашылған.
Бұл олардың кәсіби тұрғыда өсуі мен дамуына ықпал етеді.