22.08.2022, 16:45
Оқылды: 44

Жасөспірімдер арасындағы XI әлем чемпионаты

2022 жылғы 16-21 тамыз аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласында жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI әлем чемпионаты өтті.

11

Аталған чемпионатқа Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Беларусь-2, Словакия Республикасы және Үндістан командалары қатысты.

1

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында облысымыздан екі жасөспірім Абылай Серіков және Ернұр Насибуллин (Орал қаласы    № 20 ЖОМ оқушылары) күш сынады.

14

Кедергі жолақтарының 100 метрін еңсеруде Абылай мен Ернұр финалға шықты. Финалда Ернұр IV орын алса, Абылай 2022 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

16

Жауынгерлік қанат жаюда Ернұр Насибуллин командалық құрамда II орын алды.

12

Жалпы командалық есепте Қазақстан Республикасы – III орында, II орын Беларусь Республикасы, I орында Ресей Федерациясы.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале