«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өңір ардагерлері облыстық қазақ драма театрында «Қасық қаным қалғанша» атты қойылымды тамашалады.
Қойылымға соғыс ардагерлері, тыл және еңбек ардагерлері мен ардагер ұстаздар келді. Шараны Батыс Қазақстан облысы филиалы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.
-Мен соғыс жылдарында дүниеге келдім. Бірақ жас болсам да, ересектерден Ұлы Отан соғысының «сұмдықтары» туралы көп еститінмін. Соғыстан кейінгі жылдары елді қайтадан аяқтан тік тұрғызу үшін, қанша мыңдаған адам еңбек етті. Қиындықтың барлығы артта қалды. Қойылымды тамашалай отырып жастық шағым көз алдыма елестеді,- деп ардагер Искак Өтепов өзінің әсерін білдірді.
Қойылым соңында жасотандықтар ардагерлерге естелік суреттер табыстады.
Ерлік Шамғалиев
«Жас Отан» ЖҚ БҚОФ менеджері