Таяуда Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп оқушыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, меценаттар, этномәдени бірлестік төрағалары, Ақжайық жастары, «Жас Отан» жастар мүшелері және әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты.
Акцияның мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдап, көмек беру.
- «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде республика көлемінде ұйымдастырылып келеді. Балаларға ақ жол тілейміз, ата-аналар мен ұстаздарға толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз, - дейді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Дулат Мақатов.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz