29.05.2025, 10:30
Оқылды: 152

Жастар несиесін төлей алмай жүр. Еңбек министрі не дейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кейбір мемлекеттік бағдарламалардың сапасы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

каспи голд жп

- Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Қоғамда көп жастар несиені алып, кейін оны төлей алмай жүр. Жұмысқа тұрайын десе, оған да тұра алмай жүргендер бар. Өйткені банк карталарының бәрі бұғатталған, – деді министр.

Жақыпова атап өткендей, бүгінде “Ауыл аманаты”, “Дипломмен ауылға!”, “Серпін” сияқты мемлекеттік жобалар жастарға қолдау көрсетуге бағытталған. Алайда бұл бағдарламалар тек қаржылай көмекпен шектелмей, ресми жұмыспен қамтуға және әлеуметтік жарна төлеуге де ықпал етуі тиіс еді.

- Бағдарлама аясындағы несие – бұл жай ғана қаржы емес, ол азаматты зейнетақы жүйесіне қосу, әлеуметтік жауапкершілікке тарту құралына айналуы керек еді. Бірақ біздегі мәлімет бойынша, несиені алған азаматтардың ешқайсысы өз атына зейнетақы немесе әлеуметтік жарна төлемеген, – деді ведомство басшысы.

Министр мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін аудит жүргізілгенін де жеткізді. Оның айтуынша, қаржы игеріліп жатыр дегенмен, нақты нәтиже болмаса, қаражатты бос құюдың қажеті жоқ.

- Менің ұстанымым – мемлекет қаржысын жауапкершілікпен пайдалану. Иә, бағдарламалар толық тиімсіз деп айтпаймын. Бірақ біз жай ғана қаржы үлестіріп қоймауымыз керек, – деді Светлана Жақыпова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале