ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қазір жастар саясатының Жастар саны да айтарлықтай өсіп келеді. Бұл бір жағынан демографиялық статистика, оның ішінде Президенттің жастар санатына кіретіндердің жасын 35-ке дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына да байланысты», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Вице-министр жастар саясатының бірқатар жаңа қағидалары әзірленгенін еске салды.
«Бірінші кезекте, жастарды объект ретінде қарастыруға болмайды. Жастар – мемлекет үшін ең маңызды субъект, маңызды ресурс. Жастарды объект ретінде қарауды қойып, субъект ретінде санасу тәсіліне көшуге тиіспіз. Жастардың өзі де мемлекет олармен қандай тұрғыда жұмыс істеуі керектігін айтып, сұраныстарын жеткізе білуі керек. Бұл өте маңызды мәселе. Екінші маңызды міндет – атаулы жұмыс. Жастарға біржақты қарап, жалпылама қарым-қатынас орнату аздық етеді. Өйткені әр өңірдегі жастардың ұмтылыстары әр түрлі. Сондықтан, жастар саясаты икемді, атаулы болуы тиіс», - деді вице-министр.
Александр Даниловтың сөзіне қарағанда, мемлекет салауатты бәсекелестікті ынталандыруы керек. Айтуынша, бұл ең алдымен түсінікті, толыққанды түсіндірілген мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске аспақ.
«Келесі өте маңызды компонент – дәйектерге негізделген саясат. Біз қазір жастардың түрлі санаттарының арасында не болып жатқанын түсінуіміз керек. Көбірек зерттеулер жүргізіп, тек мемлекеттік қана емес, халықаралық зерттеулерге де назар аудару қажет. Ол зерттеулер жұмысымызда тиімді пайдалануылуы керек. Халықаралық ұйымдармен жұмыстың да маңызы зор. Шын мәнінде, түрлі халықаралық ұйымдардың көптеген жобалары жастардың атсалысуымен жүзеге асырылады. Ортақ нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл бағытта да ашық жұмыс істеуіміз керек», - деп түйіндеді Александр Данилов.