21.12.2023, 17:15
Оқылды: 13

Жастар жарысты

Шыңғырлау ауданында ұстаз, білікті бапкер, білім беру саласының үздігі Қази Сырымовты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті.

2011-2012 жылдары туған ұлдар қатысқан жарыста кілем иелерінен бөлек РФ Орынбор облысы, Ақтөбе, Орал қалалары мен Теректі Бәйтерек, Бөрлі аудандарының балғын палуандары бақ сынасты.

спорт ш (3)

Боз кілем бәсекесінің ашылуына Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев, Қази Серғазыұлының шәкірттері мен туысқандары қатысты.

спорт ш (4)

Жарыс қорытындысында 27 келі салмақ дәрежесінде Дидар Хиясов (Орал), Аслан Сағындық (Бөрлі ауданы) және Араслан Хайрошев (Шыңғырлау ауданы) жүлдегерлер қатырынан көрінсе, 30 келіде Самир Ысқалиев (Шыңғырлау ауданы), Нұрислам Темірғали (Орал), Әлихан Зали (Теректі ауданы) және Ислам Сәкенұлы (Ақтөбе облысы) сынды палуандар жүлде бөлісті. Нұрасқам Қасымғали (Ақтөбе облысы), Санжар Тұралиев (Орал), Мұратбек Күмісбаев (Шыңғырлау ауданы) және Алан Құсанов (Орынбор облысы) 33 келінің, Рахман Қабдығали (Орал қаласы), Миржан Байғұттинов (Бөрлі ауданы), Александр Гус және Әлихан Жасқайрат (екеуі де Оралдан) 36 келінің жүлделерін қанжығалады.

спорт ш (2)

 Артем Абдулжанов (Орынбор облысы), Нұрасыл Насыров (Бөрлі ауданы), Якумадил Ойлыбаев (Ақтөбе облысы) және Мирлан Ерболат (Теректі ауданы) 39 келіде,  Марлен Валерян, Сүлеймен Әбілов, Дәулет Аушет және Алексей Бортников (барлығы Оралдан) 41 келіде, Әлихан Сағидолла (Шыңғырлау ауданы), Әмір Байболат (Орал), Диас Темірболатов (Бөрлі ауданы) және Алексей Черняев (Орал қаласы) 44 келіде жүлдегер жеңімпаз атанды. 48 келі тартатындар сынында Нұрыслам Базарғали (Ақтөбе облысы), Санжар Амангелді және Әлішер Серікұлы (екеуі де Шыңғырлау ауданынан), 51 келі салмақ дәрежесінде – Арман Дүйсенбаев (Теректі ауданы), «Диас Сәлімгерей» (Орал) және Әлібек Ғабдивалиев (Бөрлі ауданы) сияқты палуандар жеңіс тұғырынан көрінді.

54 келі салмақ дәрежесінде Нұрасыл Оразғұлов, Бақыт Жақсыберген (екеуі де Ақтөбе облысынан), Әмірхан Хайрашев (Орал) және Әбілқайыр Кеңес (Бөрлі ауданы), 57 келіде Мұса Зали (Бөрлі ауданы), Диас Кенжетай (Орал) және Ильхам Ихсанов (Бөрлі ауданы) сынды палуандар жүлде бөлісті.

спорт ш (1)

Қази Сырымов 1957 жылы 3 қаңтарда Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды дене тәрбиесі техникалық училищесінің «Дене шынықтыру» мамандығына оқуға түседі. Техникалық мектеп қабырғасында грек-рим күресіне әуестеніп, спорт шеберлігіне үміткердің атанады. Оның спортты дамытудағы және жастарды тәрбиелеуде атқарған ісі ұшан теңіз. Шағын ғана ауылда тұрса да Жүсіп Лесов, Нұрлыбек Сисенов, Саламат Құдайбергенов, Марат Амангереев сияқты шәкірттерді тәрбиеледі. Осы күні аталған шәкірттері қази ағайдың ізін жалғап, бапкерлік жолды таңдады. Қази Серғазыұлының алдын көрген ондаған мықты спортшы өңіріміздің әр аймағында табысты еңбек етіп жүр.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале