Азамат Құлтаев,
ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті,
ветеринарлық медицина мамандығының
3 курс студенті
Елбасы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде жастарды жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын дамыту, туризм, отбасы құндылықтары, қарттай үйі мен жетімдер үйі туралы айтылды. Мен болашақ маман ретінде ауыл шаруашылығы саласын дамытқым келеді. Мысалы арқар-меринос қойын өсіру және оларды көбейту жұмыстарын алға қояр едім. Армандардың орындалуы үшін мақсат қажет. Соның бірі – магистратураға түсу. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ең негізгі жетістік – жаңа буын тәрбиелеп шықтық» деді. Биыл еліміздің жастарына мүмкіндіктер берумен бірге үлкен жауапкершілік те артады. Елбасы сөзімен айтқанда: «Бейбітшілік болса, жанатты өзіміз құрамыз!».
Гүлбағдат Жамалова,
ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті,
мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
технологиясы мамандығының 2 курс студенті
Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиын барысында еліміздің жастары өздері жүзеге асырған табысты жобаларын таныстырды. Жастар жылында мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдап, жсопарлы істер жүзеге асады деген үміттемін. Президент жастардың барлық санатын қолдауға арналған жобалар мен әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керегін айтты. Соныменқатар шараға қатысушы тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен еліміздің бетке ұстар жастары тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта еліміздің дамуына елеулі үлес қосар жоспарларын ұсынды. Елбасы білім мен ғылымға көңіл бөлініп, гранттар санының артатынын айтты. Бұл – студенттер үшін қуанышты жағдай.
Наурызбек Тұрлыбеков
машина жасауфакультетінің 4 курс студенті
Жылдың жастарға берері мол болмақ. Тұрғын үй, жұмыс, білім секілді Елбасы тоқталған тақырыптар көңілімізден шығып, қолдаудың бар екенін сездік. Осының нәтижесінде біз, жастар, алдағы уақытта айқын мақсатпен мемлекет үшін еңбек етуге дайынбыз! Әсіресе бір минуттың ішінде 1200 оқулықты кирилл жазуынан латын графикасына аудара алатын бағдарлама жасаған жас өрендердің барына қуандық.