8.08.2023, 23:19
Оқылды: 15

“Жастарға дүйсенбілік кеңес” жобасы өткізілді

Білімді, саналы, дарынды жастарға қолдау көрсетіп, ынталандыру мақсатында “Жастарға дүйсенбілік кеңес” жобасы өтті. Халықаралық жастар күніне орай, Jaiyq jastary” фестивалі аясында өткен іс-шараға шаһар тұрғындары қатысып, сұрақтарына жауап ала алды.

WhatsApp Image 2023-08-08 at 21.03.03

Игілігі мол жобаға орталықтың теолог маманы Әсет Исламбекұлы қатысып, қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар “Орал қаласының мансап орталығы” маманы Асылбек Жолдасұлы сұранысқа ие мамандар тізімін атап, әлеуметтік бағдарламалармен таныстырды.

Ал “Отбасы банк” АҚ қаржы кеңесшісі Жаслан Рабаев баспаналы болудың тиімді тәсілімен бөлісіп, жастарға арналған бағдарламаларды түсіндірді.

WhatsApp Image 2023-08-08 at 21.17.13

Жастарға жол бастаған жоба Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Форум” СҮ алаңы мен М.Мөңкеұлы атындағы саябақта өткізілді.

Аталмыш жобаның игілігін көрген ел жастары бүгінгі таңда жұмысқа орналысып, ел игілі жолында қызмет атқарып келеді.

Сымбат Қыпшақбай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале