13.02.2025, 12:00
Оқылды: 314

«Жастарға кеңес» жобасы

Бүгінде жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін көтеру, жастарды осы салаларға тарту және ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосу – маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда облыстық  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Жастарға кеңес» жобасы өтті.

WhatsApp Image 2025-02-07 at 09.34.22

Жобаның басты мақсаты – әртүрлі сала мамандарымен жастарды тікелей жүздестіру арқылы олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал ету.

Іс-шара барысында әр саланың үздік мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіптік бағдар берді. Құрметті қонақтардың қатарында «Еңбек мобильдік» орталығының директоры Саян Баймұханов жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелеріне тоқталып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер жайында сөз қозғады. №3 қалалық емхананың психологі Айнагүл Жақып жастарға қоғамдағы түрлі кері факторлардың ықпалы туралы баяндап, психологиялық тұрақтылықтың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сәрсенбаев жастардың дұрыс жол таңдап, ел дамуына үлес қосуы үшін үлкен дайындық қажет екенін атап өтті. Ол жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беріп, жұмысқа орналасу және баспана алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда жас мамандарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар бар, соның ішінде жеңілдетілген ипотекалық несиелер мен жұмыспен қамту жобалары жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба барысында әртүрлі саланы біріктіріп жүрген мамандар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі – әлеуметтік кәсіпкер, қоғам белсендісі Гүлнұр Төлеген. Гүлнұр Меңдіханқызы жастарға мотивациялық бағыт-бағдар беріп, өзінің тәжірибесі арқылы болашаққа нық қадам жасаудың маңызын жеткізді.

Жастарға осындай маңызды ақпараттардың қолжетімді болуы – болашақ мамандық таңдау мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі тетіктерінің бірі. Білікті маман болу – табысты өмірге бастар жол.

Ерке Мерекеқызы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале