13.08.2024, 12:45
Оқылды: 71

«Жастармен бірге» ұлттық декадасына бір миллионнан астам жас белсене қатысты

Биыл Қазақстанда Халықаралық жастар күні «Жастармен бірге!» жастар ұлттық декадасы форматында мерекеленді. 3-12 тамыз аралығында бүкіл ел бойынша 1 000 000-нан астам адамды қамтитын бес мыңнан астам іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

BAE71316-2AAA-44C6-A5DB-6EB588B8D1B3

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ең алдымен, Халықаралық жастар күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы

жастар саясатының негізгі міндеттері – жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайтуға бағытталған.

DF08360F-76E0-40DF-9BA9-64B547720DA9

Сондай-ақ, ұлттық декада шеңберіндегі іс-шаралар жауапкершілк пен әділеттілік қағидаларына негізделген «Адал Азамат» бейнесін одан әрі ілгерілетуге ықпал етті.

Декаданың әр күні жеке тақырыппен айшықталған. Тақырыптық күндер жастарды табиғатқа ұқыпты қарау, еріктілік пен қайырымдылық мәдениетіне, адамдарға деген мейірімділікке баулыды.

49F2F557-2CEE-4A0E-B6FF-C7ECFE714B96

Сонымен қатар, денсаулық сақтау, кәсіби даму, ұлттық мәдениет тақырыптарына арналған жеке күндер де атап өтілді.

52CE7B77-2F7F-4638-88F2-A940F401CB3B

6DC56173-9B08-40F1-AB2D-4678716B283D
Декада шеңберінде жобаларды іске асыруға өңірлік жастар саясаты басқармалары, жастар ресурстық орталықтары, белсенділер мен волонтерлер қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале