3.09.2021, 9:27
Оқылды: 31

«Жасыл Ел» жасағының жалақысы өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел-жұрттың жағдайын, тұрмысын жақсарту мақсатында бірқатар маңызды шешім қабылдады. Соның бірі – ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту.

b47a387f-be84-45b5-9697-8a53bef9cbae

«Ең төменгі жалақы мөлшерін қарастыратын уақыт келді. Ол 2018 жылдан бері өспеді. Бүгінгі таңдағы дендеген індет халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын», – деді Президент.
Бұл, әрине, еліміздің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған көңіл қуантарлық шешім. Осы орайда «Жасыл Ел» еңбек және құрылыс жасақтарының да жалақысы өсетініне разылық танытудамыз. Бұйыртса, келер жылдан бастап бұл құрылыс жасақтарының жалақысы 95 мың теңге мөлшерінде болмақ. Ақжолтай жаңалық жастарды елі үшін аянбай еңбек етуге, туған жер, өскен ортаны көгалдандыру, абаттандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жұмылдырып, жаңа буын жеткіншекті бұл іске белсене араласуға дәнекер болады деп сенеміз. «Балаңа балық берме, қармақ бер» демекші, өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолында адал тер төгуге үйрететін «Жасыл Ел» бағдарламасының жандануына, жастардың еңбек етуге деген ынта-жігерін өсіруге мұның өзі мықты мотивация болып саналады. Осындай салиқалы саясаты мен елге деген қамқорлығы үшін Президентімізге алғысымыз зор.

Аслан Тапишев,
БҚО бойынша «Азаматтық
Альянс» заңды тұлғалар қауым-
дастығының президенті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале