7.08.2023, 9:30
Оқылды: 77

Жасыңыз құтты болсын, бас директор!

Жайық Пресс ЖШС-ның бас директоры Сапаров Табылғали Сатқалиұлын 69 жасқа толуымен құттықтаймыз! Құрметті Табылғали Сатқалиұлы!

c3a76b06-58e3-4787-b2d9-78b323c900c1

Сіз жас маман кезіңізден еңбек майданында шыңдалған және аудандық, облыстық деңгейдегі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, сенім биігінен көрінген азаматсыз. Қоғамдық формацияға қоса, меншіктік қатынастар күрт өзгерген күні кешегі өтпелі кезең, өлара шақта кейбір стратегиялық мән-маңызы зор нысандарды облыстың құзырында қалдыру жолында да табандылық танытқаныңыз мәлім. Бұл – әрдайым елдік мүддені көздейтін тұлғаға тән қажыр-қайрат пен қайсарлықтың бір айқын дәлелі. Әрі мұндай қасиет ата-ананың тағылымды тәлім-тәрбиесінің өнегелі бір сипаты екені шүбәсіз.

Табылғали Сатқалиұлы, сізді туған күніңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, айналаңызға амандық тілейміз! Сізге жылдар бойғы бейнетіңіздің зейнетін көретіндей ұзақ ғұмыр нәсіп болғай! Әулетіңізден қуаныштың керуені үзілмей, шаңырағыңызда әрқашан жақсылықтың дастарқаны жайылсын!

Өңір журналистикасының мәртебесін көтеру және «Жайық Пресс» ЖШС-ның материалдық-техникалық әлеуетін жақсарту жолындағы барша бастамаңыздың баянды болуына бек тілектеспіз!

Игі тілекпен: «Жайық Пресс» ЖШС-ның ұжымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале