Орал қаласының №2 сотына талап қоюшы Н.-ның бұрынғы жұбайы Т.-дан кәмелетке толмаған баласы үш жасқа толғанға дейін асырап бағу үшін 25 АЕК мөлшерінде алимент өндіру туралы талап арызы түсті. Арыз татуластырушы-судья Бақытгүл Баймағамбетоваға бөлінді.
Алдын ала сот талқылау барысында тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасап, дауды бітімгершілікпен шешті: жауапкер талапкердің пайдасына оны күтіп-бағуға 10 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенді.
Атап өту керек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және соттан тыс, сотқа дейінгі институттарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №84- VII ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен сотқа талап арыз берілген кезде тараптар сотқа дейінгі хаттаманы рәсімдей отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға құқылы, онда оны дайындау кезінде өздері жария еткен құжаттар мен дәлелдемелер көрсетіледі.
Орал қаласының №2 соты