12.10.2024, 9:00
Оқылды: 58

Жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ: Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

жп дождь фото Динара Насыр (1)

Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр түрінде, кей уақыттарда қатты жаңбыр, солтүстік бөлектерінде қар, кей уақыттарда қаттыр қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

«Павлодар облысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале