21-30 қараша күндері Таиландтың Бангкок және Чонбури қалаларында ұйымдастырылуы тиіс жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы VI-шы Азия ойындары өтпейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сурет: pixabay
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 2024 жылдың 15 тамызында Азия Олимпиада Кеңесінің Атқарушы комитеті шұғыл отырыс өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымы жоқтығын және өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетелік, аталған ойындар COVID-19 індетіне және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген болатын.
АОК Атқарушы комитетінің шешімі бойынша, келесі ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.
Бұған дейін қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы матчтарға шақырылған Ұлттық құрама ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланған болатын.