Жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкердің кінәсінің дәрежесін айқындау тетіктері қайта қаралады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото дереккөзі: atr.kz
Министрдің айтуынша, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдердің алдын алу және уақтылы бағалау мақсатында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі – Цифрлы ситуациялық орталық іске қосылады. 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мың жарымнан аса стандарт қайта қаралады.
«Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізе отырып, жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкердің кінәсінің дәрежесін айқындау тетіктері қайта қаралатын болады. Сондай-ақ, 2023 жылы мемлекет, бизнес және жұмысшылардың әлеуметтік серіктестігінің тиімділігін арттыру мақсатында «Кәсіподақтар туралы» заңға қажетті өзгерістер енгізіледі. Еңбек министрлігі өз кезегінде Мемлекет басшысының барлық тапсырмасының жүзеге асыруының қамтамасыз ететін болады», – деді Тамара Дүйсенова.