28.07.2025, 23:00
Оқылды: 83

Жазда менингиттен сақ болыңыз! Қауіпті аурудың белгілері қандай?

Аптап ыстық пен табиғат аясындағы демалыс бейқамдыққа себеп болмауға тиіс. Бұл туралы Алматының №1 қалалық клиникалық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Зүлфия Еламанова ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Doctor with stethoscope, close-up.

Фото: istockphoto

Жаз - суға шомылатын, балалар лагерьге баратын, белсенді демалатын маусым. Дәл осы кезеңде менингит, яғни ми мен жұлын қабынуы жиілей түседі. Бұл дертке балалар мен жасөспірімдер бейім келеді, көбіне оның вирус түрімен ауырады. Дәрігер менингиттің белгілерін атады.

Жазда қауіп неге артады?

  • Ластанған су қоймаларында шомылу;
  • Балалар лагерьлеріндегі, ойын алаңдарындағы тығыз қарым-қатынас;
  • Аптап ыстықтан иммунитет әлсіреуі;
  • Гигиеналық талап сақталмауы.

Ескерусіз қалдыруға болмайтын белгілер:

  • Кенет басталған қатты бас ауруы;
  • Құсу;
  • Жарыққа шыдай алмау;
  • Жоғары дене қызуы, тырысу;
  • Еңкейе алмау;
  • Балаларда әлсіздік байқалуы, жылау, тамақ пен судан бас тарту, еңбек тұсы ісінуі.

Қалай қорғануға болады?

  • Қолды жиі жуып, тазалықты сақтаңыз;
  • Күмән тудыратын суда шомылмаңыз;
  • Иммунитетті күшейтіңіз;
  • Қауіп төнген жағдайда екпе салдырыңыз;
  • Алғашқы белгілер байқалса, бірден дәрігерге қаралыңыз!

"Менингит өте жылдам дамиды. Оны ерте анықтау және дер кезінде емдеу науқасты аман алып қалады", - деді дәрігер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале