Синоптиктер 29-31 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, қатты желмен жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының біртіндеп төмендейді.
"Республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы төмендеп, түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 градусқа дейін, күндіз 10-18 гардусқа дейін төмендейді. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында мерзім басында жылы болады, кейін кезеңнің соңына қарай температура түнде 10-15, күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
massaget.kz