19.05.2017, 17:25
Оқылды: 43

Жазғы маусымда балалар қауіпсіздігі туралы семинар өтті

Balalardi kytkaru oku jattigu   БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының ұйымдастыруымен жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігі жайлы жазғы сауықтыру лагерлерінің басшылары, нұсқаушылары, облыстық білім басқармасының өкілдерінің қатысуымен оқу-жиыны өтті.


   Семинарда ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру мекемелерінде жас өспірімдердің су қойнауларында болған кездеріндегі қауіпсіздігін сақтау ережелері» бойынша сұрақтар жан-жақты талқыға түсті.

   Жасақтың суда – құтқару қызметінің басшысы-құтқарушы Алексей Еремеев ашық су қойнауларында балалардың қауіпсіздігін сақтаудағы, суда су құралдарымен серуендеу кезіндегі ережелерді әңгімелей келе, лагерлерде балаларды жүзуге үйретуге тыңдаушылардың назарын аударып, суға батқандарды құтқару тәсілдері туралы, суда құтқару құралдарының түрлерін бейнефильм арқылы демонстрациялау арқылы көрсетті.

Лейла Абдрахманова

БҚО ТЖД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале