Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №203 бұйрығынегізінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында 2021 жылғы 26 мамырдан бастап 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейтін болады.
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева айтып өтті.
Оның айтуынша, жазғы мектептерге қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші негізінде жүзеге асырылады, жазғы мектепте оқу тегін.
Облыс бойынша барлық аудандар мен қала мектептерінде жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл 53509 (55,5%) оқушыны қамтитын 376 мектеп.
Жазғы мектептердің жұмысы кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Кіреберістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалар, қолды жиі жуу, үй-жайларды ылғалды жинау, желдету, кварцтау жүргізіледі. Бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.
Сабақ түрі: оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар. Үйге тапсырмалар берілмейді.
Бұл ретте оқушылардың білімдеріндегі шығындардың орнын толтыру, пәндер бойынша қиындықтар саласын анықтау және жеке білім беру бағытын алу, командалық оқыту дағдыларын игеру, оқуға деген ынтаны арттыру (коммуникация, креативтілік, сыни ойлау), зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру күтіледі.
Ата-аналар өткен оқу жылының қорытындысы бойынша балалардың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру қызметтерін, баланың дамуын қамтамасыз ету және сүйемелдеу процесіне қатысуды, балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді және жазғы кезеңде бос уақытын ұйымдастыруды алады.
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының
баспасөз қызметі