10.07.2025, 17:30
Оқылды: 289

Жазғы сауықтыру лагерьлерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады

Жазғы маусым басталысымен балалардың тиімді демалысын ұйымдастыру мақсатында сауықтыру лагерьлерінің алатын орны ерекше. Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалармен жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында сауықтыру лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілді.

WhatsApp Image 2025-07-10 at 18.33.39

Сурет: gov.kz

Бүгінгі таңда 15 жазғы сауықтыру ұйымдары жұмыстарын жалғастыруда. Сауықтырылған бала саны - 3102. Сонымен қатар, сала мамандарымен лагерьлерінің қызметкерлері үшін 20-дан астам оқыту семинарларын өткізді, 15 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Маусым бойы жазғы сауықтыру орындарында санитарлық талаптардың сақталуына, су айдындары мен бассейндердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.

Ал ата-аналар үшін келесі кеңестерге назар аударуды сұраймыз:

- лагерьді таңдау кезінде облыстық білім басқармасының сайтында немесе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алу;

- салқын тиюге, күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім (кеды), сандал салыңыз;

- жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье, май мен ірімшік қосылған бутербродтарды салу;

-тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық, сүзбе, кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерін жолға салмау, лагерьлерге әкелмеу.

Сізге және балаларыңызға сәтті және қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз!

 

Зарина Ажигалиева,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің

білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің

бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале