11.08.2023, 17:00
Оқылды: 56

Жедел және шұғыл медициналық көмек бригадаларының республикалық спартакиадасы басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ұйымдастырған жедел және шұғыл медициналық көмек бригадаларының республикалық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті.

f33c392bef765a3bb0819f75a0d0bffb_1280x720

Спартакиада қатысушыларының алдында Министрліктің, әкімдіктің және Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы Тимур Мұратов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық жәрдем қызметінің маңыздылығы мен мәнін атап өтті. Шұғыл медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, спартакиаданың барлық қатысушыларына табыс пен жеңіс тіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысып жатыр.

Спартакиадаға қатысушылар берілген ситуациялық жағдай шеңберінде жедел көмек көрсету бойынша бірнеше клиникалық станциядан өтеді.

Әр тапсырма үшін манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, жақын клиникалық станция дайындалған.

Бригадаларды бағалау кезінде топтық жұмыс, қызметкерлердің уақыт пен кеңістікте шектелген жағдайларда пациенттің өмірін сақтау үшін оңтайлы шешімдер қабылдау қабілеті, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуде тактикалық шешімдер қабылдауда толықтығы, үйлесімділігі мен жеделдігі ескерілетін болады.

Спартакиаданың құзыретті қазылар алқасының құрамына медицина саласындағы белгілі мамандар кірді.

Сонымен қатар жарысқа қатысушылар Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысады.

Сондай-ақ,спартакиадаға қатысушылар үшін шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша мастер-класс өткізіледі.

Бүгінгі таңда республиканың жедел медициналық жәрдем қызметі 20 дербес станциядан, 108 қалалық қосалқы станциядан және 289 аудандық бөлімшеден тұрады.

2023 жылдың 7 айында  жедел жәрдем бригадалары 4, 7 миллионнан астам шақыруға қызмет көрсеткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале