Жеке басында әр түрлі банктен 5 бірдей картасы бар адамның ақша аударымдары мен төлемдері тексеріледі. Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады.
Сурет: freepik.com
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық» порталында жариялаған құжатта жазылған. Ақша аударымдарына да шектеу қойылмақ. Яғни, енді айына тек 3 рет 100 000 мың теңгеге дейін төлем жасауға болады.
Ал бірнеше банк картасын пайдаланатын азаматтан қандай да бір күдікті төлем анықталса, қаражаттың қайдан түскені жан-жақты тексеріледі.
Бұл есірткі саудасы мен өзге де заңсыз ақша айналымының алдын алу үшін қабылданған шара.