24.07.2025, 14:45
Оқылды: 170

Жеке кәсіпкердің МӘМС жарнасына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Жеке кәсіпкердің табысы болмаса, МӘМС жарнасын төлеу керек пе?

66578b82-9cfb-4777-8aec-7a002160f296

Фото: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» БҚО-дағы филиалынан

Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жеке кәсібін тіркеген сәттен басталады және табыстың бар-жоғына қарамайды. Ол салық заңнамасына сәйкес, тек салық есептілігін тапсыруды тоқтатса немесе әрекетсіз деп танылса ғана жарна төлеуден босатылады.

Егер жеке кәсіпкер тек жекеменшік клиникаларға жүгінсе МӘМС жарналарын төлемеуіне бола ма?
Жоқ, заң бойынша жеке кәсіпкерлер бюджетке басқа міндетті төлемдермен қатар, МӘМС жарналарын да төлеуге міндетті. Жарналарды төлемеу немесе олардан жалтару заңсыз.

Ал егер жеке кәсіпкердің мүгедектігі болса, МӘМС жарналарын төлеуі керек пе?
Жоқ, себебі ол жеңілдігі бар санатқа кіреді. Ол үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Сонымен қатар келесі санаттағы жеке кәсіпкерлер жарна төлемейді:
- 18 жасқа дейінгі балалар;
- зейнеткерлер, соның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағы, «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен марапатталған көпбалалы аналар;
- мектептерде, лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және магистратурада күндізгі бөлімде оқитындар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ БҚО-дағы филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале