Қазақстан азаматтары жеке куәліктерін енді үйден шықпай-ақ, eGov Mobile қосымшасы арқылы оңай әрі жылдам ауыстыра алады.
- Енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жеке куәлікті үйден шықпай-ақ ауыстыруға болады. Процесс 10 минуттан аспайды. Бұл қызметті тек жеке куәлік иесі ғана ала алады. Басқа адамның атынан, тіпті сенімхат немесе қамқоршылық негізінде де өтінім беру мүмкін емес, - деп жазылған eGov.kz хабарламасында.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызмет азаматтардың уақытын үнемдеуге және көші-қон қызметтеріндегі жүктемені азайтуға бағытталғанын атап өтті. Сарапшылардың айтуынша, бұл елдегі цифрландыру деңгейінің артып келе жатқанын көрсететін нақты мысал.
- Қолтаңба мен жеке куәлік фотосуреттері қызметте көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Қажет болған жағдайда процесті жеделдету үшін қосымша төлем жасау қажет. Қызмет жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталуына 30 күн немесе одан аз уақыт қалғанда, не мерзімі 10 күннен аспайтын уақыт бұрын аяқталған жағдайда ғана қолжетімді. Құжатты ауыстыруға өтініш беру нұсқауларын бейнеден көре аласыз, - делінген ақпаратта.
: