17.04.2017, 11:45
Оқылды: 52

Жеке құрам құрмет иесімен кездесті

Kyrmet yesimen kezdesti  Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде Ресей Федерациясы Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент - мүшесі, БҰҰ Халықаралық ақпараттану академиясының және Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің академигі, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, «Генералдар кеңесі» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры Қайдаров Рүстем Есімханұлы мен ішкі істер органдарының жеке құрамы кездесті.


   Бүгінгі жас буынға өнеге бола білген ардагер алдымен ІІД басшылығымен, жеке құраммен танысып, одан әрі департаменттің мұражайында болды. Бұл жерде департамент қызметінің өткен тарихы, қызмет бабында қаза болған қызметкерлерді еске алып, айбын иегерлерінің ерлік істері мақтан етілді. Мұражайда орнатылған естелік кітапқа қолтаңба қалдырды.

  Профессор, академик, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың мамандығы – заңгер, өзінің саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған азамат. Ол өз сөзінде: «Полиция – жас буынға үлгі мамандықтың иесі. Полиция қызметкері берген антына адал болуы қажет. Бұл сөздің астарында үлкен жауапкершілік бар. Әрбір қызметкер өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқара білу керек. Сонда ғана атқарған ісің нәтижелі болады»,- деді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале