25.05.2020, 9:38
Оқылды: 51

Жеке табыс салығын есептеуде АЕК-тің қай мөлшері қолданылады

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылы жеке табыс салығын есептеуде айлық есептік көрсеткіштің қай мөлшері қолданылатынын түсіндірді.

AABD0E2A-EC80-4D23-9584-B92A4DD27EEA

«2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты салық салынатын кірісті анықтауда оның қай мөлшерін қолдану қажеттігі жөнінде салық төлеушілерде сауалдар туындауда. «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығымен 2020 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге сомасында белгіленді. Салық кодексімен салық шегерімдерін, сондай-ақ салық салудан босатылатын кірістерді, түзетулерді есептегенде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) баламасына келтіріледі»,- деп атап өтеді комитеттен. Ведомство мәліметінше, жұмыскерлердің қызметтік сапарларларына байланысты өтемақы төлемдерінен жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын табыстарын анықтауда сол төлемдерді есептеу күніне қолданыста болған АЕК пайдаланылады. Жарнама мақсатында өтеусіз берілген тауардың құны жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын табысын анықтауда тауарды беру күніндегі АЕК қолданылады. Бір лотерея бойынша ұтыстан түскен кірісті түзету кезінде ұтыстарды есептеу күніндегі АЕК есепке алынады. Қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер бойынша кірісті түзету үшін төлем жүргізу күніндегі АЕК. Жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын: қызметтiк, жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі өтемақыларды;

жарнама мақсатында өтеусіз берілген тауардың құнын;

дербес білім беру ұйымының шығыстары және осындай ұйымның жасайтын төлемдерін;

дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға алған материалдық пайдасын есептеу барысында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК қолданылады.

Кірісті түзету барысында: жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан кірісін;

жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) төленген нақты шығыстарын, баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі төлемдерді және жерлеуге арналған төлемдерді;

жұмыс берушінің жүктілік пен босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі кірістерді;

АЕК-тің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісіне 90 пайыздық мөлшерін есеептегенде 2651 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады. Келесі салықтық шегерімдерді есептеуде мына адамдардың салық салынатын табыстарынан 882 еселенген АЕК мөлшеріндегі стандартты шегерімдерін алу үшін:

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы және оған теңестірілген адамның;

Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамның; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамның;

I, II немесе III топтардағы мүгедектің; мүгедек баланың; мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірінің, бала кезінен мүгедектің ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірінің;

медицинаға арналған салықтық шегерімге 2651 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады. Еңбек иммигранты-резидентінің жұмыс жасайтын әрбір айы үшін жеке табыс салығы бойынша алдын-ала төлем 2651 теңге АЕК-тің 2 еселенген мөлшерінде есептеледі.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале