"Мемлекеттік кірістер комитетінде автокөлік иелерін жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімінің жақындағанын еске салды", - деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Төлеу мерзімі
Жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.
2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.
Көлік салығын қалай есептеуге болады?
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады.
Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді.
Автокөлік иелерін хабардар етеміз
Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы наурызда «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.
Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мен «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларында болады.
Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары 2023 жылға есептелген көлік салығын көре алады.
Салық төлеу тәсілдері
Жеке тұлғалардың көлік салығын жоғарыда көрсетілген мобильді қосымшаларда төлеуге болады.
Жеке тұлғалар салықтарды басқа жолдармен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады.