«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 наурыз күні елдің бірқатар бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғады. Облыстың солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с болады. Ақтөбе қаласында шығыс желі соғып, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында тұман болады. Атырау қаласында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік және орталық бөліктерінде тұман байқалады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік және орталық аудандарда екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай болады. Солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғып, күші 15-20 м/с болады. Шығыс аудандарында өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында түнде шаңды дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан соғып, оңтүстік және орталық аудандарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде тұман болады. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.
Қостанай облысының солтүстік және батыс бөліктерінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Павлодар қаласында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандардағы екпіні - 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, күндіз батыс, оңтүстік, орталық және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады. Батыс, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Шымкент қаласында 29 наурызда күндіз жаңбыр мен найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қаласында да күндіз жаңбыр мен найзағай болады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болады. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Дереккөз: ҚазАқпарат