20.02.2025, 17:15
Оқылды: 295

Желілер тартылып, аулалар абаттандырылуда

Орал қаласының құрылыс бөлімінің тапсырысымен Орал қаласындағы Ақжайық шағынауданында қуаттылығы сағатына 833 текше метр сарқынды су айдайтын кәріз сорғы стансасы салынуда. Мердігер мекеме – «KazConstructionGroup» ЖШС. Құрылысты сәуір айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ «Уральскводстрой» ЖШС қуаттылығы сағатына 1513 текше метр көтергіш сорғы стансасының құрылысын жүргізуде. Нысан жыл соңына дейін аяқталмақ. 

құрылыс бөлімі (1)

– Аталған жаңа шағынауданда екі мердігер ұзындығы 26 шақырым көше жолдарын салып жатыр. Бүгінгі күні барлығы 18 шақырым жол салынды. Нысанның құрылысы биылғы 4-тоқсанда аяқталуы тиіс. Сонымен қатар
2 кварталды, яғни 10 көппәтерлі тұрғын үйді инженерлік желілермен қамту және абаттандыру жүргізілуде. Бүгінгі күні қолданысқа берілетін 5 қабатты көппәтерлі бес үйге инженерлік желілер өткізілді. Аулаға асфальт жабындысы мен өрнектас төселіп, балалар ойын алаңының негізі құйылды, – деді Орал қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Батырбек Сапаш.

Батырбек Жарасұлының айтуынша, Зашаған кентінде  көппәтерлі алты үйге инженерлік желілер тартылуда және аулалары абаттандырылуда. Мердігер мекемелер – «ПМК-117» ЖШС мен «Ремстрой» ЖШС құрылысты биыл аяқтамақ.

Айна Имашева,

"Орал өңірі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале