23.12.2021, 16:00
Оқылды: 59

Желтоқсан оқиғасына қатысты деректі жинақ жарық көрді

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Желтоқсан. Декабрь. 1986. Документальная хроника» атты ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

4f5e966a45e0437d96d0de215d342ef3

ҚазАқпараттың хабарлауынша, кітап Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған.

Желтоқсан оқиғасының қатпарлы сырларын паш ететін еңбекті құрастырып, оқырман қауымға ұсынған — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы.

Аталмыш шараға тарихшы ғалымдар, желтоқсаншылар, зерттеуші жастар қатысты.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық материалдар топтастырылған жинақ 3 бөлімге бөлініп, хроникалық ретпен берілген.

Бірінші бөлімде 1986 жылғы желтоқсан айындағы партия, мемлекет және құқық қорғау органдарының ресми құжаттары топтастырылса, екінші бөлімде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен жағдайы жайындағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиум Комиссиясының зерттеу материалдары берілген.

Үшінші бөлімде ҚР Конституциялық Соты (1992-1994) қарастырған құжаттық материалдар тізбегі жинақталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале