Бүгін БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Кадралиев бір топ Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдады. Кездесуде Желтоқсан оқиғасында алаңға шығып, жанын аямай, қанды күреске қатысқан аға-апаларымыздың еңбектері айтылып, оларға үнемі құрмет пен қолдау болатындығы айтылды.
Қатысушылардың көпшілігі мектеп, балабақша ұйымдарында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі мұғалім-тәрбиешілер. Кездесу соңында желтоқсан оқиғасына қатысып, ақталған азаматтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен шыққан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.
zhaikpress.kz