Дәл қазір Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында салтанатты шара өтіп жатыр. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысуда.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды әркім өзінен бастауы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық отбасындағы тәрбиеден, өмір сүру салтынан басталады, осы мәдениетті бәріміз бірге қалыптастырайық, - деді облыс әкімінің орынбасары Бакытжан Нарымбетов.
Анықтама үшін:
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 2003 жылғы 21 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен жарияланды. 2004 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі.
zhaikpress.kz