Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронов Париж Олимпиадасында 200 метрге жүгіруден жұбаныш айналымында сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: Владислав Семенов / Olympic.kz
Сафронова 200 метрге жүгіруден жартылай финал жолдамасына таласқан болатын.
Оған жартылай финалға шығу үшін өз тобында бірінші орын алуы керек-тін немесе өз тобында бірінші орын алған спортшылар арасында үздік нәтиже көрсетуі тиіс еді.
Алайда, Ольга Сафронова өз тобында жетінші орын алып, Париж ойындарын аяқтады.