Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар спортшылар тағы 3 медаль еншіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдегер атанды. Иван Сенин онсайыстан үздік үштікке енді.
400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола медаль жеңіп алды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден күміске қол жеткізген болатын.