30.01.2022, 17:00
Оқылды: 50

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы айтылды

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосудың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IMG-20220130-WA0009

Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін Министрлік жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтап жатыр. Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдікпен автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленетіні хабарланды.

"Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқалары қарастырылып жатыр. Соның бірінде көп балалы отбасыларды, күш құрылымдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде бағдарлама қосу ұсынылады.

Сондай-ақ, "Бірінші отбасылық автомобиль" кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды. Ол 20 жылға есептелген және "револьверлік" әдіске негізделген. Қаржыландырудың жалпы шегі - 82 миллиард теңге. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 миллиард теңгеге 30 525 қарыз берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған.

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының шарттары мынадай:

- 1 жеңіл автокөлік құны 15 миллион теңгеден;
- несие мерзімі - 7 жылдан;
- соңғы қарыз алушы үшін номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 пайыздан аспауы тиіс;

Соңғы қарыз алушы ЕДБ алдындағы несиесін өтеген кезде қайтарылған қаражат есебінен отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға қайта несие беріледі.
Бүгінгі таңда осы бағдарламамен сатып алу үшін елімізде құрастырылған: Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet және LADA сияқты автомобильдер қолжетімді.

Бұған дейін "ӨКМ Операторының" шоттарынан жеңілдетілген автонесиелеуге ақша жіберілуі мүмкін екені хабарланған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале