Футболдан ел чемпионатының кестесіне сәйкес кезекті ойынын қазанның үшінде сырт алаңда Алматының «Қайратымен» өткізген Оралдың «Ақжайығы» 3:1 есебімен жеңіліп қалды.
Ойынның бірінші кезеңінде жауапсыз екі гол салған алматылықтар екінші таймның 62 минутында және бір доп соқты. Қарсыласының үш голына біздің команданың 89-минутта ғана бір голмен жауап беруге қауқары жетті. Осы жеңілістің кесірінен біздің команда бір саты төмен сырғып, әзірше жетінші орынға тұрақтады.
Осы айдың он алтыншы жаңасында «Ақжайық» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» қабылдайды.