16.10.2018, 15:52
Оқылды: 46

Жеңіс алаңына қызғалдақтар отырғызылды

Оралдағы жеңіс алаңына голландиялық қысқы қызғалдақтар отырғызылды. Бұл лалагүл тұқымдасы қыс бойы қар астында жатып көктем шыға гүлдейтін болады.

Темирболат Токмамбетов09

«Жайық таза қала» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Ақболат Қатешовтың айтуынша, Орал қаласының 400 шаршы метр аумағына 20 мың түп дана қызғалдақ отырғызу жоспарланған. Қызғалдақтар Мәншүк Мәметова, Шаңырақ  алаңдарына да отырғызылмақ.

Сала мамандарының айтуынша, қызғалдақ пиязшығын жерге көмбес бұрын марганец ерітіндісі салып зарарсыздандырады екен. Сосын 15-20 сантиметрдей қазылған жерге көмеді. Ерте көктемде бүр ататын бұл қызғалдақтар Орал шаһарына ерекше ажар сыйламақ.

                                                                           Гүлсезім БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

Темирболат Токмамбетов07 Темирболат Токмамбетов08 Темирболат Токмамбетов10 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале