9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлері бастауыш кәсіподағының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында үстел теннисінен мектепішілік жарыс өтті.
Кәсіподақ ұйымының белсенді, жас жетекшілерінің бірі Азамат Садыров Жеңістің 76 жылдығын құттықтап, ақ тілегін арнады.
- Жеңіс күні – әр тұрғынды бір адамдай тебірентіп, жүректермен өткенде еске оралтатын күн. Майдангер бабаларға тағзым етіп, ерлік рухын асқақтататын күн. Осы мереке қарсаңында кәсіподақ ұйымы жан-жақты бағытта шаралар өткізуде. Ол рухани, ол мәдени, ол спорттық шаралар. Еліміздегі мұндай айтулы мерекелерде кәсіподақ ұйымдары мен мүшелері ешқашан да қалыс қалмақ емес, - деді ол.
«Ерлікке тағзым» деп ұрандаған кәсіподақ мүшелері арасында өткен ішкі турнир нәтижесінде жүлделі І орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәурен Ғаббас, ІІ орынға Эльвира Болатқызы, ІІІ орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мейрсейт Абиев ие болды.
Мереке қарсаңында кәсіподақ қозғалысының белсенділігіне үн қосып, демалыстарын тиімді өткізген ұстаздар бастауыш кәсіподақ атынан ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ