Футболдан бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің төртінші тур матчын Астанада «Жеңіске» қарсы өткізген «Ақжайық» күтпеген жерден жеңіліске ұшырады.
Игорь Прохницкий шәкірттері ойынды сәтсіз бастады. Бірінші таймның небары 5-минутында алаң иелерінен гамбиялық ойыншысы Па Омар Жобе есеп ашты. "Ақжайық" таразы басын теңестіруге тырысқанымен ештеңе шықпады.
Екінші кезең ең дәрежеде өрбіді. Қарсыласын тықсырған "Ақжайық" ойыншылары пенальти теуіп, есепті теңестірер мүмкіндік алды. Алайда Завен Бадоян мүлт кетті.
Сен соқпасаң, саған соғады деген футбол қағидасын орын алып, "Жеңістің" грузиялық легионері Торнике Дзебниаури 81-минутта есепті 2:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткенде, «Ақжайық» сапындағы украиналық Микола Агапов бір голмен жауап қайырды. Ойын соңына дейін шабуылдап баққанымен оралдық команда ештеңе тындыра алмады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz