Қазақ байларының шаруашылығын тәркілеумен қатар, оларды басқа аймаққа жер аудару процесі қатар жүреді.
Осылайша ҚазКрайком 1928 жылдың 30 тамызында «Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен тәркілеуге жататын байлардың көшіру аймақтарын анықтау туралы» қаулысын шығарады.
Онда байларды Қазақстанның жекелеген аудандарынан көшіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
«Оралдан - Жетісуға, Гурьевтен - Петропавловскіге, Қарқаралыдан - Қостанайға, Семейден - Сырдарияға, Павлодардан - Ақтөбеге, Петропавлден - Ақтөбеге, Қызылордадан - Адай округіне, Ақмоладан - Гурьевке, Ақтөбеден - Қарқаралыға, Қостанайдан - Семейге» қоныс аударулары тиіс болды.
Зұлқожа Шарафутдинов,
(Байлар қалай тәркіленді? Орал, 2024 жыл)
zhaikpress.kz