Биыл Федоровка және Ақжайық ауылдарында екі 3 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, тұрғындарға 60 пәтердің кілті табысталды.
- Тоқпай ауылындағы Орал-Ақсай тас жолы бойында 3,15 гектар жерге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жиырма 6 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жоспарладық. Аталған жобаға жалпы көлемі 2 032 736 мың теңге қаражат қарастырылған. Құрылыс монтаждау жұмыстары 2020 жылға жоспарланған. Жобаны 10 айда бітіруді көздеп отырмыз.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 785 адам тұр, оның 160-ы көп балалары отбасылар. Ауданның 5 жылдық жоспарында 756 пәтерлік 56 тұрғын үй салу қаралған. Қаржыландыру мәселесі шешілсе, біз тұрғын үй кезегін жоюға қол жеткіземіз.
Ауданымызда жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар үшін де жақсы жаңалығым бар. Әйтиев ауылынан 150 гектар және Ақсуат ауылынан 350 гектар жерге құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы қаулы қабылданды. Жоспарымыз іске асқан жағдайда, осы екі ауылдан жер телімдерін беретін боламыз,- деді Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов.
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру бағдарламасы бойынша Теректі ауданының Федоровка ауылындағы 528 жер учаскесін электр желісімен жабдықтау жүзеге асырылуда. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.
-Осы мүмкіндікті пайдалана отырып аудан тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға шақырамын. Инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында, әсіресе газдандыру және су құбырын тарту кезінде бұзушылықтың куәгері болған жағдайда, ауыл тұрғындары кез келген уақытта «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалына хабарласа алады,-деді аудан әкімі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер