21.11.2023, 11:15
Оқылды: 45

Жер сатыла ма? БҚО әкімі жауап берді

Осы жылдың 14 қарашасында Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке өңірге инвесторларды тарту жөнінде сұрақ қойылды.

IMG_20231118_204501_705-e1700322403250

Облыс әкімінің аталған сұраққа жауабы толық нұсқада берілмей, контексттен алынып, әлеуметтік желілерде бұрмаланып таратылды.

2023 жылдың 18 қарашасында облыс әкімі Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесіп, шетелдік инвесторларға жер сатылмайтынын және жалға берілмейтінін кесіп айтты.

Жалған ақпарат таратушыларға заң аясында жауапкершілік бар екендігін ескертеміз.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале