23.01.2024, 8:29
Оқылды: 18

Жер сілкінісі кезінде 8 адам жарақат алды

Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шеккен. Олар қаладағы ауруханаларға жеткізілген.

Скорая жп

Көрнекі фото: zhaikpress.kz

— Тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секіріп, үш адам зардап шекті. Тексеруден кейін екі зардап шеккен адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды.

Бес адам үйін тастап  қашып бара жатқанда жарақат алған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген соң олар амбулаторлық емдеуге жіберілді, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.

Qazaqstan.tv

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале