Батыс Қазақстан облысында республикалық бастама аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалициясы құрылды. Бұл жиынға саяси партиялардың облыстық филиалдарының басшылары, қоғам белсенділері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Батыс Қазақстан облыстық коалициясы жетекшісі, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев жаңа Конституция ел дамуы жолында қызмет ететін маңызды құжат екенін атап өтті.
– Бүгінгі жиынның нәтижесінде еліміздің жетекші саяси күштері бастамашы болған жалпыұлттық коалици-ясының біздің өңірдегі коалициясы құрылмақ. Бұл жай ұйымдастырушылық қадам емес, бұл – ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Жаңа Конституцияның жобасы – мемлекетімізді жаңғырту жолындағы жүйелі реформалардың заңды қорытындысы. Бұл құжат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси жаңғыру бағытының нақты нәтижесі. Әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадам.
Негізгі жаңа жобасына қатысты республика бойынша 4000 ұсыныс түскен болса, біздің облыстан 100-ден астам пікір ескерілген. Елордада үлкен коалиция құрылды. Коалиция құрамына ҚР Парламентіндегі жетекші партиялар, 300-ге жуық қоғамдық ұйым мен белсенділер, қоғам қайраткерлері, ел жанашырлары кірді.
Облыстық коа-лицияның мақсаты – конституциялық өзгерістердің қағидаттарын, мақсат-міндеттерін азаматтарға жан-жақты түсіндіру, ашық әрі мазмұнды диалог өткізу, білікті заңгерлердің, сарапшылардың қатысуымен халықтың ара-сында кеңінен насихат жүргізу. Облыстағы жетекші партиялар мен қоғамдық ұйымдар қолдау білдіруде. Коалиция жұмысы бір айға жуық жалғасады. Жаңа Конституция тек құқықтық құжат емес, бұл- ұлттың жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің нышаны, бірлігімізді бекемдейтін, болашағымызды айқындайтын тарихи қадам. Біз келер ұрпаққа әділет-ті, қуатты, прогрессивті Қазақстанды аманат етуге тиіспіз. Ол үшін ортақ мақсат жолында ұйымшылдық таны-туымыз керек. Баршаңызды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамын,- деді Мұрат Мұқаев. Оның айтуынша, облыстағы коалиция аясында 600-ге жуық азамат жұмыс атқарады. Оған қоса, 70-ке жуық қоғамдық ұйым бар. Ақпанның 13-інен бастап коалиция мүшелері 15 наурызда өтетін республикалық референдумға орай үгіт-насихат жұмысын бастайды. Өңір аумағында 700-ден аса ауқымды іс-шара жоспарланған.
– Биылғы ақпанның 11-інде Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің қолданыстағы Негізгі заңының 44-бабының 10-тармақшасына және «Рес-публикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес 15 наурызда республикалық референдум өткізу жөніндегі қаулыға қол қойды. Бұл референдумда отандастарымыздың назарына «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал ұсынылады. Еліміздің Негізгі заңының жаңа жобасы үлкенді-кішілі оқу орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, үкіметтік емес ұйымдарда, ірілі-ұсақты кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында талқыланды. Ұсыныс-пікірлер конституциялық реформа жөніндегі комис-сияның назарына жолданды. Осындай ауқымды талқылаудан кейін барып, Президент республикалық рефе-рендум өтетін күнді белгіледі.
«Respublica» партиясы БҚО филиалының төрағасы Дулат Мақатов: «Еліміз үлкен өзгерістер кезеңіне қадам басты. Негізгі заңның жаңа жобасын қабылдау бұл – қоғамның әділдік пен заманауи басқаруға деген сұранысына берген нақты жауап», – деді. Өз кезегінде «Ауыл» партиясы БҚО филиалының аппарат басшысы Ғайса Қапақов тұрғындардың референдумға қатысуы аса маңызды екенін айтып, батысқазақстандықтарды саяси науқаннан сырт қалмауға шақырды. Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалының төрағасы Борис Лаврентьев өзінің партиялас әріптестері әділеттілік, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік қорғау қағидаттарын нығайтатын өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.
Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылым-білімді, мәдениет пен ұлт-тық құндылықтарды дамытуға толық сәйкес келетінін атап өтті.
Ясипа РАБАЕВА,
«Орал өңірі»